"Қазгидромет" РМК 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температуралық фон 23...36 жылы шамасында болады. Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Найзағаймен жауын-шашын екпінді желмен бірге жүреді, бұршақ түсуі және ауа температурасы төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.