• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2020

Еліміздегі портфельдік компаниялардың саны екі есеге азаяды

298 рет
көрсетілді

Президенттің айтуынша, мемлекет меншігіндегі тек әлеуметтік нысандар, сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін нысандар ғана қалуы керек. Бұл туралы Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Квазимемлекеттік секторларда әкімшілік басқару жұмысымен айналысатын қызметкерлердің санын, пайдасыз шығындарды және баса артық елшілес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табуға тиіс", дейді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерінің рөлдеріне тоқталып өткен Президент, бұл компаниялар индустрияландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісіне елеулі үлес қосатын, бір-бірімен байланыссыз болған қаржы институттарының ретке келтіргенін айтты. 

"Қазір біз бүгін мүлде жаңа жағдайда тұрмыз. Институционалдық құрылымды өзгерту уақыт алады. Сондықтан осы екі ұйымды біріктіріп, қаржылық мүмкіндіктері анағұрлым зор даму институтын құрған жөн. Бұл ретте портфельдік компаниялардың саны екі есеге азайып, штат саны 50 пайызға қысқаруға тиіс", дейді Қ.Тоқаев.