• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Атырауда 200-ге жуық отбасыға жаңа баспана берілді

357 рет
көрсетілді

Бұл туралы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа пәтерлер Достық-1, Геолог, Бірлік ықшамаударындағы жатақханалардың тұрғындарына берілді. Осы кезге дейін апатты жағдайдағы жатақханаларды мекен еткен  200-ге жуық отбасы Береке ықшамауданында бой көтерген көтерген жаңа тұрғын үйге көшті. Енді жаңа пәтерлер тұрғындардың жекеменшігіне айналмақ.

"Көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып келдік. Енді міне, жатын және ас үй бөлмелері кең пәтеріміз ұнады. Мұнда кіреберісте де тұрмыстық заттар үшін орын қарастырылған. Жаңа пәтер алғанымызға қуанып тұрмыз", - дейді қала тұрғыны Нұрсұлу Құспанова.