• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2020

Биыл Қазақстандағы ақылы жолдардан қанша қаражат түскені белгілі болды

308 рет
көрсетілді

2019 жылы еліміздегі төрт ақылы учаскеден 5 389 млн теңге қаражат түскен. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

Өткізу пунктінде кептелісті болдырмас үшін алдын-ала төлем жүйесі енгізілген. Жеңіл автокөліктер үшін арнайы дифференциалды тариф те бар. Яғни, алдын-ала төлем жасаған автокөліктердің төлемақысы екі есе арзан. Сондай-ақ, ақылы автожолдың маңайындағы елді мекендерде тіркелген автокөліктерге құны 1000 теңгені құрайтын 1 жылдық абонемент қарастырылған.

"2019 жылдың қорытындысы бойынша төрт ақылы учаскеден жиналған қаражат 5 389 млн теңгені құрады. Оның ішінде: "Нұр-Сұлтан-Теміртау" - 1 729  млн теңге, "Нұр-Сұлтан-Щучинск" - 1 700 млн теңге, "Алматы-Қорғас" - 988 млн теңге және "Алматы-Қапшағай" 972 млн теңге. Сондай-ақ, бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен, – делінген хабарламада.

"Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес:

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша мыналарға:

      1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;

    2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;

     3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;

      4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.

Осылайша, жиналған 5 389 млн теңге және 77,8 млң теңге көлеміндегі қосымша табыс төмендеглерге жұмсалды:

- 2 690,1 млн теңге автожолды күтіп-ұстау және жөндеуге;

- 1 401,3 млн  теңге бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға;

- 594,6 млн  теңге қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығына;

- 14,2 млн  теңге қосымша шығындарға;

- 543,4 млн  теңге жол-пайдалану техникасы мен төлем қабылдау пунктіне қажетті жабдықтарға;

- шығыннан артылған 223,2 млн теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджетке аударылды.

2019 жылы бағдарламалық-аппараттық кешенді жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан-Щучинск" ақылы автожолын жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды "Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы" филиалы жүргізді. Ал, "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" учаскесіндегі жұмыстарды "Қазақавтожол" ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырған.