• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 279 тұрғын үй бой көтерді

699 рет
көрсетілді

Қостанай ауданындағы Заречный ауылында  "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында  279 тұрғын үй бой көтерді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Кең ауласы және жеке бақшасы бар 120 шаршы метрлік қос қабатты үйдің бағасы 14 млн теңгеге бағаланады. Ал дәл осындай 100 шаршы метрлік үйдің бағасы 12 млн теңге тұрады.  Жаңа үйлерге бағдарлама бойынша қоныстанған әр отбасының айлық төлемі 70 мың теңгеге жуықтайды. 

Жаңа шағын ауданды аралап көрген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов үйлердің салыну сапасына көңілі толатынын айтты. Тұрғындармен кездескен аймақ басшысы:

"О баста бос жатқан бұл жерде коммуникация жүйелерін қосу және шағын ауданды абаттандыру арқылы бір және екі қабатты жеке тұрғын үйлердің 4 түрін салу көзделген еді. Қазір, міне, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, сән түзеген әсем үйлерге жас отбасылар қоныстанып, игілігін көріп жатыр. "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру әлі де жалғасады", - деді әкім.

 

 Қостанай облысы