Францияда орын алған бұл оқиға естіген адамға жаға ұстатты. Бір автокөліктің артқы жағындағы жүк салғышта жатқан кір-қожалық, өңі қашқан нәрестені автомеханик оның іштен ыңырсыған даусына қарай тапқан. Сосын дереу жедел жәрдем шақырған. Бұл туралы «Комсомольская правда» жазды.
Ауруханада дәрігерлер ұзақ уақыттар бойы ауасы аз, ыстық, қапастағы жүк салғышта жатып келген жасы бірге де толмаған сәбидің дене құрылысының дамуы жағынан да, психологиялық жағынан да артта қалып қойғанын мәлімдеген.
Кейін анықталғаны, баланың әке-шешесі Португалиядан келгендер екен. Олар еш жерде жұмыс істемейді, тек жәрдемақының есебінен күн көреді. Жасы 45-тегі анасы баланы оның бар екенінен де хабары жоқ әкесінен жасырып, жүк салғышта ұстап келген. Ерлі-зайыптылардың бұдан бөлек тағы үш баласы бар көрінеді.
Бұл істі тексерген прокурор оның «қандай да бір қиялдың шегіне» сыймайтынын айтып отыр. Әзірге жұбайлар жұбы ешқайда кетіп қалмау туралы жазбаша ескерту алды. Ал сол оларға 10 жылға дейін түрмеде отыру жазасын кесуі мүмкін.
Қайрат Қожаназар.