• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт салқындайды

606 рет
көрсетілді

Қазгидромет 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде жел күшейіп, қатты нөсер жаңбыр жауады және бұршақ түсуі ықтимал.

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Таймыр аудандарынан суық ауаның күрт ағыны күтілуде, онда температуралық фон 12...18 жылы шегінде болады.