АҚШ-та "Лаура" дауылы 18 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
АҚШ-тың оңтүстігінде соққан "Лаура" дауылы құрбандарының саны 18 адамға жетті. Луизианада 14 адам, Техаста 4 адам қаза болды. Оның ішінде 11 адам генераторларды пайдалану кезінде газдан уланған. Ағаштардың құлауынан 5 адам қаза тапса, тағы бір адам үйдің шатырынан құлады, деп хабарлады Stormnews.
Он мыңдаған үй жарықсыз, ал 180 мың адам ауыз сусыз қалды.