• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2020

Табыс синергиясы басымдықтар мен міндеттер бірлігінде

397 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында өзгерген әлемнің жаңа жағдайындағы басым міндеттердің нақты жоспарын айтты. Әлемді шарпыған пандемия мен экономикалық дағдарыс мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеуге итермелейді.

Бұл Жолдау жаңа идеологеманы тұжырымдайды, оны Қазақстан қоғамының экономикалық және әлеуметтік-саяси салаларының даму қарқыны мен басымдықтарын синхрондау сипатында қарастыруға негіз бар.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан тез өзгеретін әлемнің қатал факторларына қарсы тұруға күш алды. Тұрақтылықтың қуатты әлеуеті – бұл Қазақстан халқының және оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығына негізделген жетістіктер құнды мұра саналады, олардың әрқайсысы Елбасы кітапханасының бірегей мұрағат құжаттарында көрініс тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған бағытын және саяси сабақтастықты қолдай отырып, біздің алдымызға болашақ даму үшін жаңа бағдарлар қойды. Жолдауда елдегі маңызды экономикалық және саяси қайта құруларға баса назар аударылған, сонымен бірге қоғамдағы тың сипатты өзгеріске ерекше мән берілген.

Қауіп-қатерге тап болған жер-жаһан егжей-тегжейлі сипатталды. Осы кезеңде біз ең маңызды, құнды және кезек күттірмейтін шешімді таптық. Қазақстан Президенті 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауда айтылған стратегияны нақты негізге ала отырып, «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда қазіргі жолдаудағы шешімдердің көп бөлігінде қазақстандықтардың пікірлері, олардың үміттерін  басшылыққа алды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ел басшылығының басты басымдығы болып қала береді.

Әлеуметтік салада Президент айтқан шешімдер нақты серпіліс беруі керек. Дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдауда – еңбекақыны көбейтіп, үстемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен ауқымды қаражат бөлінеді. 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшылары жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржылық мақсатта пайдалануға жұмсай алады. Сонымен қатар Президент мемлекеттің Әлеуметтік кодексін әзірлеуді тапсырды.

Қазіргі күн тәртібіне адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция салу кіреді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тоқтаусыз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Ресми емес білім берудің баламалы нұсқаларын іске асыруды жеделдету, өз бетінше білім алудың нәтижелерін тану, кәсіби шеберлікті сертификаттау туралы шешім қабылдау өте маңызды және уақытылы. Бұл нұсқаулар кәсіпкерлердің жаңа толқындарын дайындауға бағытталған. Қ.К.Тоқаев айтып отырған «Кәсіпкерлік негіздері» қазақстандық балалар үшін кез-келген мектеп пәні сияқты нормаға айналуы керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамды еңбек құндылықтары туралы түсінікті өзгертуге, жас ұрпақты еңбекті бағалауға және оны мәртебелі не мәртебесіз деп бөлмеуге баулуға шақырды. Бұл парадигманы өзгерту тәрбие негіздеріне дұрыс қарағанда ғана өзгереді. Сондықтан Үкіметке 2025 жылға дейін алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету тапсырылды. Президент әсіресе интернет желісіндегі адамдарды, соның ішінде балаларды балағаттау мәселесіне басым назар аударды.

Экологиялық проблемалар – Мемлекет басшысының биылғы жолдауындағы маңызды тақырыптардың бірі. Соңғы жылдар ішінде экология мәселесі біздің қоғамның экологиялық сауатсыздығының сипатын арттыра түсті. Сондықтан ел дамуының жаңа қағидаттарының қатарында экономиканы көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау бар. Бұл бағытта Президент жануарларды қорғау туралы заң жобасын әзірлеуге тапсырма бергені белгілі.

Жолдауда айтылған шаралар іс жүзінде Қазақстанда жаңа экологиялық орта қалыптастыруға, атап айтқанда, 2 миллиард ағаш отырғызуға мүмкіндік береді. Бұл қадам тек қалалардың ғана емес, аудандардың да келбетін өзгертеді. Әлемдік экологиялық проблемаға айналып отырған шөлейттену мәселесін де осындай стратегиялық шаралар арқылы шешуге болады.

Экологиялық тақырып әрқашан ел басшылығының назарында болған. Елбасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық бастамалары дамып келеді. Соның бірі –елорданың айналасындағы «жасыл белдеу». 87 мың гектар табиғи тосқауыл елдің басты қаласын шаңды жел мен қарлы бораннан қорғап, ерекше экожүйе жасайды. Жоспардың ерекшелігі «жасыл белдеудің» ормандары біртіндеп «Щучинск-Бурабай курорттық аймағының» массивтерімен бірігеді. Елбасының көптеген экологиялық жобаларының қазірдің өзінде «тамыры тереңде» жатыр, біздің міндетіміз – бұл мұраны көбейту арқылы сақтау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен университеттерде жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне назар аударуға шақырған экологиялық жолдауының да негізі осында жатыр.

Жолдаудың негізгі мазмұны мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға негізделетінін ерекше атап өткім келеді. Аймақтық, сондай-ақ салалық бөлімдерде біріктіріліп, ойластырылған стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды қалыптастыратын уақыт келді. Осыған байланысты Стратегиялық жоспарлау агенттігінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуы – елдің қазіргі дамуға сай келетінінің, мемлекеттің барлық орта мерзімді, ұзақ мерзімді даму жоспарларын айқын анықтауға дайын екенінің көрінісі.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін көтеру туралы, сондай-ақ азаматтардың реформалар мен ұсыныстар үшін бастамаларын білдіретін онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институтын құру туралы шешім қабылдау маңызды. Халықтың билікке деген сенімін арттыру үшін жаңа шаралар қажет, олар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасынан шығады.

Аймақтық контексте бұл шешімдер әлеуметтік-экономикалық дамуға қуатты серпін бере алатындығын, ең бастысы, өзін-өзі басқару тұжырымдамасының өзі нақты мазмұнмен толығатынын атап өткім келеді. Ауыл әкімдіктерінің рөлін арттыру, ауылдық жерлерде өзін-өзі басқару институттарын қалыптастыру, соның ішінде мәслихаттар деңгейінде шешім қабылдауда жауапкершілікті арттыру арқылы осының бәрі бүкіл елде бірыңғай қоғамдық-саяси және экономикалық белсенді өрісті қалыптастыруға көмектеседі.

Жалпы, мемлекетті дамытудың ауқымды стратегиялық құжаты ретінде Президент Қ.К.Тоқаевтың жолдауы қазақстандықтардың болашақ өмірінің барлық маңызды және негізгі аспектілерін қамтыды. Осы тұста қойылған міндеттердің көпшілігінің ұзақ мерзімді сипатына қарамастан, олармен қазірден бастап жұмыс істеу керектігін ескерген абзал.

Елбасы кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары мен идеяларын дәріптеуге бағытталған ақпараттық-идеологиялық орталық болғандықтан, мемлекеттің басты стратегиялық құжаты саналатын Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру мақсатын қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған осы жолғы жолдауы Елбасы кітапханасының жаңа оқу-ағарту маусымының алғашқы күндерінен бастап вебинарлардың, видеодәрістер мен бейнетурлардың, онлайн-конференциялар мен кездесулердің басты тақырыптарының біріне айналады.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті

Елбасы кітапханасының директоры,

саяси ғылымдардың докторы, профессор

Әмірхан Рақымжанов