Синоптиктер 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған сәйкес, алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Шығыс аймақта нөсер жауып, жел күшеюі мүмкін. Кей жерде бұршақ түсуі ықтимал. Таймыр аралынан соққан салқын ауадан солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде күн суытады.