• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2010

ГЕРМАНИЯ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

591 рет
көрсетілді

Таяуда Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада “Қазақстандағы Германия жылы – 2010” аясында “Қазіргі Германия” атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті. Оған еліміздегі Герма­ния елшілігінің кеңесшісі Вольфганг Берт және Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО бөлімшесінің меңгерушісі Ер­кін­бек Аязбаев, қала әкімінің орын­басары Асқар Нұрғазиев қатысты. Көрмеден екі ел арасындағы мәдени-достық шараларды наси­хат­тайтын фотосуреттерді тамаша­лап, құнды мақалаларды оқуға болады. Кітапхана директоры Хаби­ба Ақ­жігітова келген қонақ­тарға өздері атқарып жатқан істер жайлы да айтып берді. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.