• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Қыркүйек, 2020

Коронавирус жұқтырған 19 науқастың жағдайы нашар

1324 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 6 459 адамның ем қабылдап жатқанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда  3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.