• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қыркүйек, 2020

Аманқарағайдағы жаңа білім ордасы

319 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылында тұрғындар көптен күткен жаңа мектеп есігін айқара ашты.

Алайда санитарлық сақ­тық талаптарына байланыс­ты білім ордасының ашы­лу салтанатына ата-аналар қатыса алмады. Тек оқу­шы­­лар мен ұстаздар қауы­мының қатысуымен өткен ме­ре­кеде шәкірттер ән салып, өлең оқып, өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты шараға ауда­н әкімі Ерлан Теменов арнайы келіп, көпшілікті жаңа білім ғимаратының ашылуымен құттықтады.

«Өңірде жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін қыруар шаруа атқарылып жатыр. Соның бір жарқын дәлелі – бүкіл жұрт болып көптен күткен бүгінгі жаңа мектептің ашылуы. 320 орындық бұл білім ордасында балаларымыз мемлекеттік тілде білім алады. Әрине қа­зіргі жағдайға байланыс­ты оқушылардың қа­шықтан оқуына тура ке­леді. Дегенмен, бұл қиын­дықтардың бәрі артта қа­лып, балалардың мектеп қабыр­ғасында білім алатын күн де туар. Осы мектепті сапалы әрі уақытында тұрғызып, абаттандыру жұмыстарын да мінсіз атқарған мерді­гер «Алюминий құры­лыс» се­ріктестігінің басшылы­ғына да зор алғыс білдіреміз», – де­ді аудан әкімі.

Мерекелік жиында мектеп ұжымын ардагер ұстаз Рыскүл Қайыркенқызы да құт­тықтап, ұстаздар мен оқу­шыларға сәттілік тіледі.

Мектеп директоры Ға­лым Ерішевтің айтуынша, мектеп сыныптарының бәрі компьютермен қамтамасыз етілген әр сыныпқа интер­ак­тивті тақталар қойылған. Спорт залына денешы­нық­тыруға қажетті сан алуан спорт құралдары қойыл­ған. Сондай-ақ екі спорт ала­ңы бар. Яғни, ауыл балала­ры­ның сапалы білім алуына мүм­кіндік мол.

Жаңа мектептің құры­лы­сына жалпы сомасы

1 млрд теңгеден астам қар­жы жұмсалған.

 

Қостанай облысы,

Әулиекөл ауданы,

Аманқарағай ауылы