• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2020

"Сиыр жылы" коллекциялық монеталары шығады

251 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі бүгін номиналы 500 теңгелік алтын мен күмістен "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Сиыр жылы" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталар 2020 жылғы 8 қыркүйектен бастап сатуға түседі. Оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында сатып алуға болады – олардың мекенжайлары сайтта көрсетілген, сондай-ақ Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Монеталардың дизайнында "Шығыс күнтізбесі" субұрқағының (Алматы) мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов, А. Татаринов және В. Кацев.

Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жылдың символы – сиыр бейнеленген. Монетаны айналдыра "2021", "ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ", "ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ" және "ORIENTAL CALENDAR" деген жазулар жазылған. Монеталардың ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Алтын және күміс монеталар он екі қырлы және олардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

Номиналы 500 теңгелік алтын және күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.