• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда пневмониямен 481 адам ауырып, 4 адам көз жұмды

2170 рет
көрсетілді

2020 жылғы 4 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша өткен тәулікте 481 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 58 адам жазылып шыққан.2020 жылдың 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін:

Науқастар саны – 26803, өлім жағдайлары - 305, барлығы 5831 адам сауығып шықты.