"Қазгидромет" РМК 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Алдағы демалыс күндері Солтүстік-батыс антициклон өзімен бірге салқын, бірақ құрғақ ауа райын әкеліп, Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына әсер ете бастайды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 17-25 жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарына Таймыр аудандарынан суық ауа келуін жалғастыруда, ол төмен ауа температурасын сақтайды", - делінген хабарламада.