• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2020

Атырауда жалақыны кешіктіріп төлейтіндер бар

484 рет
көрсетілді

Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес жалақыны төлеудің мерзімі бар. Ал оны сақтау өз алдына, жалақыны кешіктіріп төлеу дерегі әлі де бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Атырау қалалық прокуратурасымен бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу немесе кешіктіру фактілері анықталды. Мысалы, Еркінқала ауылдық округіндегі №37 "Болашақ" бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне  мамыр айына 4 277 639,0 теңге, ал, "АтырауНефтеМаш" ЖШС-нің  маусым айына 327 қызметкерге 56 114 706 теңге көлемінде  еңбекақыны төлемегені анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, қызметкерлерге еңбекақы толығымен төленді", - деп хабарлады облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан.