• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қыркүйек, 2020

US OPEN-2020: Қазақстандық спортшы жеңісті жолын жалғады

123 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі үшінші айналымда белорустық Александра Сосновичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.  

US OPEN-2020 додасының төртінші кезеңінде Путинцеваның қарсыласы Хорватия өкілі Петра Мратич болады. Төртінші айналым 6 қыркүйек күні өтеді.