• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2020

Лос-Анджелесте ауа температурасы 50 градусқа жуықтады

361 рет
көрсетілді

Кеше Лос-Анджелесте ауа температурасы 49,4 градусқа дейін жетті. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл қаладағы осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Рекордтық температура Лос-Анджелестің солтүстік-батыс аймағында жергілікті уақыт бойынша түстен кейін тіркелген. Бұған дейін осындай ыстық температура 2006 жылдың 22 шілдесінде болған. Ол кезде ауа температурасы 48,3 градусқа дейін көтерілген еді.

Метеорологтардың айтуынша, жоғары температура тек Лос-Анджелесте ғана  ғана емес, сондай-ақ қаланың көршілес аудандарында да тіркелген. 

Қатты ыстыққа байланысты штатта жаппай электр желісі өшірілуі мүмкін. Бұл дегеніміз бір тәулікте 9 миллионға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалады деген сөз. Bloomberg агенттігінің бағалауы бойынша, бұл мемлекет тарихындағы электр қуатының ең ұзақ өшірілуі болмақ.