• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Технология 07 Қыркүйек, 2020

Қытай Gaofen-11 спутнигін іске қосты

317 рет
көрсетілді

Қытай Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға арналған Gaofen-11 қашықтан зондтау оптикалық спутнигін орбитаға сәтті ұшырды. Бұл туралы Egemen.kz Қытайдың аэроғарыш ғылымы мен техникасы корпорациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Спутник жергілікті уақыт бойынша 13:57-де Солтүстік Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан CZ-4B зымыранының көмегімен ұшырылған.

Gaofen-11 ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысымен жасалған. Ол күн-синхронды орбитада 500 км биіктікте болады. Бұл спутниктердің тиісті тобындағы екінші ұшу аппараты. Олар аграрлық саладан басқа, қалалық жоспарлау, жол салу және дүлей зілзалалардың салдарын азайту және жою жөніндегі операцияларды жүргізу қажеттіліктеріне арналған. Бұл спутниктік деректерді "Бір белдеу - бір жол" бастамасына қатысушы елдер де ала алады.

Қытай метеорологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктерді, сондай-ақ Айды игеру технологияларын әзірлей отырып, Ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді дамытуда. Тамыз айының басында ҚХР ғалымдары Марсты зерттеу бойынша алғашқы ұлттық жобаны іске қосқан еді. Олар оның бетін қарқынды зерттеуге жақын арада кірісуге ниетті.