• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қыркүйек, 2020

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты

364 рет
көрсетілді

Ресейде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты. Жақын арада дәрі-дәрмекті Ресей аймақтарына жеткізу күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы "Гам-Ковид-Вак" (Спутник V) Росздравнадзор зертханаларында қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды", делінген хабарламада.

Вакцинаны Н. Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.

Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "азаматтық айналым" сөзін халықты, дәрігерлер мен мұғалімдерді вакциналау деп түсіндірген болатын.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Сауда және қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне, әскерге шақырылушыларға, студенттер мен мектеп оқушыларына, әлеуметтік қорғау, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне, жұмысы көптеген адамдармен тікелей байланыста болатын басқа ұйымдардың қызметкерлеріне жаппай екпе салдыруды ұсынып отыр.