Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 217 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 27 778 адам ауырды, 315 өлім жағдайы тіркелді, 6 176 адам індеттен айықты", - делінген хабарламада.