• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2020

Алматыда 105 млн теңге салынған сейф ұрланды

489 рет
көрсетілді

Алматылық фирманы жымқырмақ болған күдіктілер анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды  Egemen.kz. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеген.

"Бұл қылмыс 31 тамызға қараған түні болды. Рысқұлов даңғылында орналасқан қалалық фирмалардың бірінің кеңсесінен белгісіз адамдар 105 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Компаниялардың бейнебақылау камераларындағы деректер зерттелді: қаскөйлер беттерін мұқият жасырды. Бірақ, жедел іс-шара көрсеткендей, белгісіз қалуға тырысу нәтижесіз болды. Күдіктілердің екеуі де анықталып, қамауға алынды. Бұл 1992 және 1993 жылдары туған жергілікті тұрғындар. Бұған дейін олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Айғақты заттар, оның ішінде ұрланған ақшалар. Іс жүргізу тәртіпте олар шын иесіне қайтарылды", деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Фирманың басшысы Виталий Ким, өз кезегінде, полиция қызметкерлеріне осы қылмыстың жедел ашылғаны үшін ризашылығын білдірді.

"Мен полиция қызметкерлеріне осы қылмысты тез арада ашқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл біз үшін маңызды: біз үш ағайындымыз, біз Ресейден құрылыс материалдарын жеткізу бойынша бірлескен кәсіп жүргіземіз", деп сөзін аяқтады жәбірленуші.