• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

461 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың өкімімен облыстық  ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Аққожина 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Психология" мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын жоғарғы оқу орнында психология пәнінің оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасының жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, орынбасар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Бұған  дейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымында болды.