Қазақстан құрама командасы алғаш рет информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics) қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас программистер арасында өткен халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті. Биыл Олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысты. Құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анықталған болатын. Сәйкесінше, қазақстандық құрама команда мүшелері – информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, жоғары марапатқа ие болды.
Ван Ли – алтын медаль; Таймас Корғанбаев – күміс медаль; Әділ Сұлтанов – қола медаль; Рамазан Пердебай – қола медаль.
Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.