• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2020

Дональд Трамп қол қойған "Киелі кітап" аукционда сатылады

293 рет
көрсетілді

Аукционшы Гари Зимет АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойған "Киелі кітапты" аукционға шығаруға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Трамптың Әулие Иоанна шіркеуінің жанында "Киелі кітапты" ұстап түскен суретінен кейін, ауксионшы Зимет Ақ үймен байланысып, президенттің кітапқа қол қоюын өтінеді.

Зиметтің айтуынша, оған президент әкімшілігімен байланысу айтарлықтай қиынға соққан. Кітаптың бастапқы бағасы 37 500 АҚШ долларын құрайды.