• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2020

Сарыағашта жаңа жатақхана пайдалануға берілді

135 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Арыстанбаб" жоғары колледжінің студенттеріне арналған 100 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Заманауи үлгіде бой көтерген жаңа нысан барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екі қабатты нысанның әрбір бөлмесі төрт адамға арналған. Бөлмелердің іші  жиһазбен жабдықталып, жуынатын бөлме салынған. Ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев  жаңа жатақхананың салынуы  студенттер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізулеріне мүмкіндік береді. Шалғай ауылдардан келіп білім алатын студенттер үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Оқу ордасының студенттері білімді және белді маман болатынына сенемін", деді аудан әкімі.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған колледжде жастар 12 гуманитарлық және медициналық мамандықтар бойынша білім алуда. Бүгінде 1141 студентке 70 оқытушы дәріс беруде.

Түркістан облысы