• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында қос қабан атып алған браконьер ұсталды

876 рет
көрсетілді

Жангелді ауданында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз жабайы қабан атқан Торғай ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Табиғат сақшылары Торғай ауылынан 15 шақырым жерде бейсауат жүрген ер адамды байқаған. Кейін оның түн жамылып қабан атып, сол жерде олжасын сойып, бұзып жіліктегені белгілі болды.

Күдікті өзінің аңға шыққанын, жабайы қабандарды атып алғанын мойындады. Одан аңшы пышағы мен 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп алынды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабында көрсетілген  "заңсыз аң аулау" қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жалпы, күзгі аң аулау маусымы  басталғалы облыста 36 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 27, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 4, қару алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 4 адам жауапкершілікке тартылған.

Қазір аймақта заңсыз аңшылыққа қарсы рейд шаралары өтіп жатыр. ПД-нің хабарлауынша, шараның алғашқы үш күні ішінде облыстағы аңшылық алқаптары мен су айдындарында 828 аңшы тексерілген.

 

 Қостанай облысы