• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2010

ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

557 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес мүшелері Мемлекет басшы­сының елдің дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа міндеттерін ескере отырып берген тапсырма­сы­на орай әзірленген Қазақстан Рес­публика­сын­да білім беруді да­мы­тудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасының жобасын талқылады. Сол сияқты “Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қыл­мыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы да қаралды. Талқылау қорытындысында К.Мәсімов құжаттарды айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ес­кере отырып, жетілдіре түсу жө­нінде тапсырма берді.