
2013 жылғы 16 тамыз, Астана қаласы
2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қосымшаға сәйкес 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тындаушыларының контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы М. ОРЫНХАНОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 345 бұйрығына қосымша
2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру№ Жоғары оқу орнының атауы Мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі (орын)Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдары1 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1002 Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2003 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 1404 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивеситеті 1405 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 706 М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1507 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2508 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 509 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 15010 Сырдария Унивеситеті 150 Барлығы 1400Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары10 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180Тәжікстан Республикасының азаматтары12 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 100Қытай Халық Республикасының азаматтары13 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 100Түрік Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары14 Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 200
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8714 болып енгізілді.