• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
31 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 347

1144 рет
көрсетілді

19 тамыз 2013 жыл,  Астана қаласы

Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 33-бабына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі бекітілсін.2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.3. «Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даяр­лау­ды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қарашадағы № 507 (2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4992 болып енгізілген, 2007 жылы 30 қарашада № 184 (1387) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылымвице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы         М. Орынханов.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 19 тамыз № 347 бұйрығымен бекітілді

Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесіКәсіптік білім мамандық-тарының коды    Білім профилі, мамандық атауы0100000 – Білім беру0101000    Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту0102000    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)0103000    Дене тәрбиесі және спорт0104000    Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)0105000    Бастауыш білім беру0106000    Бейнелеу өнері және сызу0107000    Технология0108000    Музыкалық білім беру0109000    Өмір қауіпсіздігі және валеология0110000    Білім ұйымдарындағы лаборант0111000    Негізгі орта білім беру0200000-Құқық0201000    Құқықтану0202000    Құқық қорғау қызметі0203000    Патенттану0300000 – Медицина, фармацевтика0301000    Емдеу ісі 0302000    Медбикелік іс0303000    Гигиена және эпидемиология0304000    Стоматология0305000    Лабораториялық диагностика0306000    Фармация0307000    Ортопедиялық стоматология0308000    Медициналық оптика0400000 - Өнер және мәдениет0401000    Кітапхана ісі0402000    Дизайн (салалар бойынша)0403000    Әлеуметтік мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (салалар бойынша)0404000    Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (бейін бойынша)0405000    Хор дирижеры0406000    Музыка теориясы0407000    Ән салу0408000    Хореография өнері0409000    Актерлік өнер0410000    Цирк өнері0411000    Театр-декорациясы өнері (бейін бойынша)0412000    Кескіндеу, мүсіндеу және графика (түрлері бойынша) 0413000    Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)0414000    Қайта қалпына келтіріп жөндеу(салалар бойынша)0415000    Зергерлік ісі (салалар бойынша)0500000-Қызмет көрсету, экономика және басқару0501000    Әлеуметтік жұмыс0502000    Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) 0503000    Слесарлық іс0504000    Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу 0505000    Фото ісі0506000    Шаштараз өнері және сәндік косметика 0507000    Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру 0508000    Тамақтандыруды ұйымдастыру 0509000    Аяқ киім ісі0510000    Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолданылу аясы және салалары бойынша)0511000    Туризм (салалары бойынша)0512000    Аудармашы ісі (түрлері бойынша)0513000    Маркетинг (салалары бойынша)0514000    Бағалау 0515000    Менеджмент (қолданылу аясы және салалары бойынша) 0516000    Қаржы (салалар бойынша)0517000    Статистика0518000    Есеп және аудит (салалар бойынша)0519000    Экономика (салалар бойынша)0600000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау0601000    Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)0602000    Сапаны бақылау (сала бойынша қолдану )0700000 - Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру0701000    Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау(түрлері бойынша)0702000    Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы0703000    Гидрогеология және инженерлік геология0704000    Геофизикалық тәсілдер мен пайдалы қазбаларды іздеу және барлау 0705000    Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу 0706000    Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу0707000    Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 0708000    Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту)0709000    Пайдалы қазбаларды байыту (кенбайыту)0710000    Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу0711000    Маркшейдерлік іс0712000    Жер асты құрылымдарының құрылысы0713000    Геодезия және картография0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі0801000    Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша)0802000    Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану0803000    Компрессорлық стансалардың және жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету0804000    Құбырларды және технологиялық жабдықтарды монтаждау0805000    Мұнай және газды тасымалдау және сақтау0806000    Скважиналарды мұнай мен газға сынау0807000    Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу0808000    Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)0809000    Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)0810000    Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану0811000    Химиялық талшықтардың өндірісі0812000    Резеңке-техникалық өндірісі0813000    Шина өндірісі және вулканизация процесі0814000    Полимерлік өндіріс технологиясы0815000    Тұтқыр және сусымалы материалдарды химиялық өндіретін машиналар мен жабдықтарды пайдалану0816000    Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)0817000    Коксохимиялық өндіріс0818000    Химиялық өндіріс технологиясы (бейін бойынша)0819000    Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы0820000    Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумды техника0821000    Экологиялық қондырғылардың қызмет көрсетуі және пайдалану0822000    Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі0823000    Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау0824000    Керамикалық өндіріс0825000    Әрлеу өндірісі (бейін бойынша)0826000    Тері және жүнді химиялық өңдеу0900000 - Энергетика0901000    Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары 0902000    Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)0903000    Электр энергетикасы (салалары бойынша)0904000    Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу0905000    Энергетикалық тасымалдау қондырғыларын пайдалану (көлік түрлері бойынша)0906000    Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары0907000    Жылу-техникалық жылу жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)0908000    Электр стансаларындағы су, отын және жағармай материалдары технологиясы 0909000    Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар0910000    Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)0911000    Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)0912000    Электр технологиясы (түрлері бойынша)1000000 - Металлургия және машина жасау1001000    Домна пештерді жөндеу және қызмет көрсету1002000    Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша)1003000    Түсті металдар металлургиясы1004000    Құю өндірісі1005000    Болатты пештен тыс өңдеу1006000    Металл өңдеу (түрлері бойынша)1007000    Отқа төзімді заттар өндірісі1008000    Композициялық және ұнтақты материалдар, жабындылар1009000    Прокаттау өндірісі1010000    Құбыр өндірісі1011000    Автоматты желілер және агрегаттық станоктар1012000    Икемді автоматты желілер1013000    Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және өнеркәсіптегі жасаудағы автоматика1014000    Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)1015000    Машина жасаудағы монтаж және автомобильді сынау1100000 - Көлік (салалар бойынша)1101000    Ұшу аппараттарының өндірісі1102000    Авиациялық құралдар өндірісі1103000    Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету 1104000    Теңіз техникасының электр радиолық монтаждау1105000    Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)1106000    Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша)1107000    Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша)1108000    Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)1109000    Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)1110000    Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер1111000    Ұсталық-тығыздау жабдығы1112000    Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану 1113000    Металлургиядағы машиналар мен жабдықтар 1114000    Пісіру ісі (түрлері бойынша)1115000    Өндірістердегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)1116000    Геологиялық барлау жабдығы 1117000    Электрондық техника өндірісіне арналған жабдық1118000    Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары 1119000    Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар1120000    Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (салалары бойынша) 1121000    Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу 1122000    Әскери басқарма іс және қауіпсіздік1200000 - Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану1201000    Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану1202000    Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)1203000    Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару1204000    Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша)1205000    Әуе жол көліктерін басқару және пайдалану1206000    Жол қозғалысын ұйымдастыру1207000    Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы1208000    Иіру және түту өндірісі технологиясы (түрлері бойынша)1209000    Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)1210000    Мата емес тоқыма материалдар технологиясы1211000    Тігін өндірісі және киімді үлгілеу1212000    Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша)1213000    Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы1214000    Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары технологиясы1215000    Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы1216000    Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі1217000    Темекі өндірісі1218000    Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары1219000    Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі1220000    Қант өндірісі1221000    Балық өндірісі1222000    Консервілер және тағам концентраттары өндірісі1223000    Сыра, алкогольсыз және спиртті ішімдіктер өндірісі1224000    Сүт өнімдерінің өндірісі 1225000    Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері бойынша)1226000    Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыруы1227000    Полиграфия өндірісі1228000    Кабель өндірісі 1229000    Құрал жасау (салалары бойынша)1230000    Майлар және май ауыстырғыштар технологиясы1300000-Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар1301000    Электрондық құралдар мен құрылғылар1302000    Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)1303000    Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару1304000    Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)1305000    Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)1306000    Байланыс радиотехникасы (түрлері бойынша) 1307000    Электр байланысы мен желімен хабарлау желілік құрылыстарын пайдалану1308000    Автоматтандырылған байланыс жүйесін пайдалану1309000    Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша)1310000    Көліктік радио электрондық жабдықты техникалық пайдалану (көлік түрі бойынша)1311000    Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық1401000    Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1402000    Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) 1403000    Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді пайдалану (түрлері бойынша)1404000    Сумен қамтамасыздандыру және су қашыртқы жүйелерінің тазартқыш ғимараттары1405000    Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану 1406000    Жергілікті магистралдық және желілік құбырларды монтаждау1407000    Гидротехникалық құрылыс1408000    Қала қатынас жолдарын салу және пайдалану1409000    Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы1410000    Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы1411000    Көпірлер мен көлік үңгі жолдары1412000    Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі1413000    Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)1414000    Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)1415000    Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)1416000    Қалдықтарды қайта өңдеу1417000    Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру 1418000    Сәулет өнері1500000-Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология1501000    Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу1502000    Агрономия 1503000    Өсімдік шаруашылығы1504000    Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша) 1505000    Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) 1506000    Аңшылық және аң өсіру шаруашылығы1507000    Ара өсіру және жібек шаруашылығы 1508000    Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы (түрлері бойынша) 1509000    Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)1510000    Ауыл шаруашылығын механикаландыру 1511000     Жерге орналастыру1512000    Зоотехник1513000    Ветеринария1514000    Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану(салалар бойынша)1515000    Гидрология және метеорология1516000    Өрт қауіпсіздігі1517000    Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша)1518000    Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8731 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар