• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті

420 рет
көрсетілді

Қылмыстық топ  жаңа ұрланған жылқыны Рудный қаласына әкеліп, көліктен түсіріп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жануардың иесі Алтынсарин ауданының тұрғыны болып шықты. Жылқы заңды иесіне қайтарылды. Полицейлердің айтуынша, барымташылардың биылғы шілде айында Қарасу ауданы аумағынан  жылқы ұрлағаны дәлелденген. Сондай-ақ олардың Қостанай ауданына қарасты елді мекеннен 50 жылқы, ал Алтынсарин ауданының Щербаков ауылынан 60 жылқы ұрламақ болғаны анықталып отыр. Қазір қылмыстық топтың екі мүшесіне ресми айып тағылып, екеуі де  қамауға алынды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлімі және 188-1-бабының 3-бөліміне сәйкес, олардың мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.