2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алады. Зейнетақы қорындағы ақшаны кім, қандай мақсатта және қалай жұмсай алатыны туралы нұсқаулық жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
1. Зейнетақы аннуитеті
Барлық зейнетақы жинағын дербес шоттағы ақшаның аяқталғанына немесе аяқталмағанына қарамастан, өз клиентін қаржылық мазмұнмен қамтамасыз ету тәуекелдерін өзіне алатын сақтандыру компаниясына аудару. Сақтандырушылармен 55 жасқа толған ер адамдар және 51,5 жастағы әйелдер шарт жасай алады. Бұл ретте ер адамның шотында кемінде 11,2 миллион теңге, ал әйелдерде - 15,34 миллион теңге болуы тиіс. Сома таңдалған компанияға байланысты өзгереді.
2. Шетелге тұрақты өмір сүруге кететін жағдайда
Барлық жинақталған қаражатты инвестициялық табыспен бірге Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты өмір сүруге кететін Қазақстан азаматтары ала алады. Олар тек кету фактісін растайтын тиісті құжаттарды ұсынуы керек.
3. Ерікті зейнетақы жарналары
Үй шаруасындағы әйелдер, кәмелетке толмаған және барлық ниет білдірушілер өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға ақша сала алады. Ерікті зейнетақы жинақтарының басты артықшылықтарының бірі - ақшаны 50 жастан бастап пайдалануға болады.
4. Мүгедектік кезінде
Зейнетақы жасына жеткенге дейін 1-ші немесе 2-ші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болған жағдайда салымшылар зейнетақы төлемдерін ала алады. Бұл ретте, егер өтініш жасалған күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға БЖЗҚ – дан бір мезгілде төленеді (2020 жылғы 1 сәуірден бастап-485 292 теңге).
5. Мұрагерлік
Салымшы қайтыс болған жағдайда оның жинақтары жазбаша сұрау салу бойынша мұрагерлер болып табылатын адамдарға беріледі. Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған жағдайда мұрагерлік заң бойынша өтеді. Мұраны алу үшін мұрагер оны мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы қабылдауға тиіс.
6. Стандартты зейнетке шығу
1 қаңтардан бастап ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жас, ал әйелдер үшін - 59,5 жасты құрайды.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап емделуге, тұрғын үйге және қаржы ұйымдарына басқаруға беруге арналған зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын пайдалану болады.
7. Ақша қолға берілмейді
Зейнетақы қорындағы ақша адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол да берілмейді. Бірыңғай оператор арқылы іске асырылады. Тұрғын үй саласында бірыңғай оператор Отбасы банкі болмақ.
Жаңа норма қашан күшіне енеді
Ел президенті зейнетақы жинағына қатысты барлық нормативтік-құқықтық актіні жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды. Егер бәрі ойдағыдай іске асса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар зейнетақы шотындағы ақшаны өз қажетіне жұмсау мүмкіндігіне ие болады.