Кәмпиттерде ақынның өлең жолдары жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Акцияны Екібастұз қалалық "Атамұра" мәдениет орталығы ұйымдастырды. Тәттілерде ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!" өлең жолдары жазылған.
"Бұл акцияны Тілдер күніне орай ұйымдастырдық. Тілді дамытуға арналған шараларды түрлендіргіміз келді. Халықты қызықтырғымыз келді. Үлкендерге де, балаларға да үлестірілді. Тәттіні алып, жазылған сөзді оқыған кезде адамдар ойланып қалып жатты. Оған қоса, тәтті арқылы елімізде Тілдер күні бар екенін білгендер бар. Бұл күнді көбінесе жастар жастар жағы біле бермейді. Қызметкерлеріміз тәттіні тарату арқылы адамдарды қазақша сөйлеуге, ана тілімізді құрметтеуге шақырып, тілді насихаттап қайтты", - деді "Атамұра" МО директоры Нұрсұлу Төлеубаева.
Акция аясында 100-ге жуық тәтті қала орталығында, халық көп жиналатын орындарда таратылды.Сонымен қатар, Нұрсұлу Төлеубаева Тілдер күніне орай түрлі онлайн шаралар, байқаулар, викториналық ойындар өткізілгенін және әлі де жалғасатынын айтты.