• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2010

ТӨРАҒА МЕН МИТРОПОЛИТ КЕЗДЕСУІ

722 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылы­ғының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің Ас­тана және Алматыдағы митро­по­литі Александрмен кездесті, деп хабарла­ды осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында осы за­ман­ғы мемлекет пен қоғамдық өмірдегі Орыс православие шіркеуінің рөлі, рухани даму, тұрақтылықты қам­тама­сыз ету және азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу туралы пікір алмасылды. Төраға митрополит Александр­ды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің қорытын­ды­лары және кезекті діни жиынды 2012 жылы Астанада өткізу жоспары туралы хабардар етті.