• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 10 Қыркүйек, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Соттың төрағасын қабылдады

401 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасына еліміздің сот жүйесін жаңғырту барысы туралы ақпарат берілді.

Кездесуде Ж.Асанов сот қызметінің сапасын жақсартуға және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың төрағасы қазіргі кезде "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында сот жүйесін реформалау бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.