• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қыркүйек, 2020

Иорданияда жойқын жарылыс болды

357 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Иорданияның Petra агенттігіне сілтеме жасап.

Иорданияның мемлекеттік ақпарат министрі Амджад Адайленің айтуынша, жарылыс мерзімі өткен оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Аталған қойма елдің қарулы күштеріне тиесілі. Абырой болғанда қойма халық қоныстанған аумақтан алыс жерде орналасқан екен.

Тергеудің алғашқы нәтижелері бойынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін. Әзірге оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.