• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Технология 11 Қыркүйек, 2020

Коронавирустың белгілерін анықтауға қабілетті бетперде шықты

254 рет
көрсетілді

Сингапур ғалымдары коронавирустық инфекцияның белгілерін анықтайтын бетперде ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Онда адамның пульсі, дене қызуы, қысым және оттегі деңгейі сияқты маңызды белгілер туралы ақпарат жинайтын датчиктер орнатылған. Әр жарты сағат сайын датчиктер адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді. Ол арқылы дәрігерлер науқастың жағдайын бақылай алады. Датчиктерді қорғаныс құралдарымен бірге жууға, тіпті бір маскадан екіншісіне ауыстыруға болатындығы атап өтілген. Қазіргі уақытта аталған масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ ол көптеп өндірілсе, 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін.