• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қыркүйек, 2020

Екібастұзда 17 жасар студент пен 13 жасар оқушы қыз Өскеменге қашып кеткен

464 рет
көрсетілді

Екібастұзда төрт күн бұрын жоғалған кәмелетке толмаған екі баланы Павлодар облысының жедел қызметкерлері ШҚО-дан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қыркүйекте Екібастұз полициясына  кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары оларды іздеу туралы өтініш білдірген.

"Сағат 20.00 шамасында 2007 жылы туған Екібастұз қаласының ЖОББМ оқушысы және 2002 жылы туған кәмелетке толмаған колледж оқушысы үйден кеткені анықталды. Полиция қызметкерлері дереу бағдар жасап, аумақтық бөлімшелерге жіберді. Оларды іздестіруге полиция қызметкерлері, "Vita" және "Легион 14" еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар  қатысты", - деді полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полковник Арман Сәбиев.  

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының жедел қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың екеуі де Өскемен қаласындағы қонақ үйлердің бірінде екенін анықтаған.  Полиция заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруда.