• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қыркүйек, 2020

Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр - Бағдат Қожахметов

466 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың жаңа толқынына  қызу дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазақстандағы медициналық мекемелер бір мезгілде 7 мыңнан астам төсек-орын дайындауға қауқарлы. Оның ішінде 3 мыңға тарта жансақтау бөлімі болады. Қазір елімізде 19 066 инфекциялық төсек-орын бар. Оның қазіргі жүктемесі 15%-ды құрап отыр. Инфекциялық және провизорлық орталықтарда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 2 619 бірлік сатып алынуда. Бүгінгі таңда емдеуге арналған жалпы Қазақстан бойынша 21 566 төсек-орын оттегімен қамтылған және қосымша 9 300 орынды қамтамасыз ету жоспарда бар. Ол осы айдың аяғына дейін енгізіледі", деді Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жедел-жәрдем қызметі Қазақстанда шығарылған 1 167 санитарлық автокөлікпен жабдықталады. Шалғайдағы ауылдар үшін 100 медициналық кешен сатып алынады.