Облыста «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылының өзінде 430 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндай қарапайым халық үшін тиімді бағдарламаға бюджеттің қаржысымен қатар, тұрғындар мен мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары да үлес қосқан.
Міне, тұрғын үй құрылысын салуда осындай ілгерілеушілік болғанына қарамастан, баспана мәселесі әлі өзекті болып қалуда. Әсіресе, үлкен өмірге жаңа қадам басқан жас отбасылар «ой-хой менің, өз үйім» болса деген үмітпен
Облыста «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылының өзінде 430 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндай қарапайым халық үшін тиімді бағдарламаға бюджеттің қаржысымен қатар, тұрғындар мен мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары да үлес қосқан.
Міне, тұрғын үй құрылысын салуда осындай ілгерілеушілік болғанына қарамастан, баспана мәселесі әлі өзекті болып қалуда. Әсіресе, үлкен өмірге жаңа қадам басқан жас отбасылар «ой-хой менің, өз үйім» болса деген үмітпен тұрмыс тауқыметін тартып келе жатқаны шындық. Өңірдегі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің облыстық мәслихат депутаттары және оқу орындары басшылары, оқытушылар, басқа да жұртшылық қатысқан жиында кеңінен әңгіме болуы да сондықтан. Тұрғындар үшін күрмеуі қиын мәселе туралы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлнәр Дабылова баяндап, банк ұстанған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өзі құрылғаннан бергі 10 жыл ішінде мемлекетіміздегі тұрғын үй саясатында тиімді құралға айналып үлгергенін жеткізді. Осы уақыт аралығында 420 мың қазақстандық 883 миллиард теңге сомасына тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшарт жасаған, 173 миллиард теңгеден астам сома займға берілген.
Ақтөбе облысы филиалында былтыр 1 қаңтарда 17 179 салымшы болса, биыл осы уақытта 22 мыңнан асып-жығылыпты. Оның айтуынша, қазір облыстың 25 мыңнан астам тұрғыны осы банктің салымшылары екен. Соңғы екі-үш жылдың ішінде салымшылардың саны үш есе артқан көрінеді. Тұтынушылардың сеніміне ие болған банк жүйесінің 50х50 негізгі қағидаты бойынша керекті соманың жартысын есеп-шотта жинақтау қажет те, қалған жартысын банк береді екен. Осыған сай банк қазіргі таңда «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» деп аталатын тарифтік жоспарларын ұсынып отыр. Бұл жоспарлардың бірін тұтынушы өз мүмкіндігіне қарай таңдап алады. Ақтөбелік филиалда 10 миллиард теңгеден астам сомаға депозит бар. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» клиенттеріне баспаналы болудың әртүрлі тәсілдерін ұсынады.
Елімізде былтырдан бастап «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы енгізіліп, тұрғындар осы арқылы пәтер алуға талпынып жүр. Филиал директоры Гүлнәр Дабылова аталмыш бағдарлама туралы да жүйелей әңгімеледі.
– «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы екі бағытта жүзеге асырылады. Тұрғын үйлер барлық тұрғындарға және жас отбасыларға арнап салынады. Қазір «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы жас ерекшелігіне қарамастан, табыс көзі бар, жұмыс істейтін әр адам еліміздің кез келген аумағынан үй сатып ала алады. Ол үшін банк салымшыларына ұсынылатын тарифтер бойынша ұзақ мерзімге жалға алып, кейін төлеп құтылу, үш жыл немесе одан да көп мерзім бойы банктегі шотына қаражат жинақтау, баспана құнының 50 пайызын шотқа салып, қалған 50 пайызын несиеге алу немесе ешқандай жинақ ақшасыз пәтер құнының 70 пайызын банктен 10 пайыздық үстемемен несиеге алу сияқты жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік бар. Банктің Ақтөбе облыстық филиалында құрамында 18 агенті бар үш команда халық арасында жұмыс істейді, – деді ол.
Облыс орталығындағы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй шағын ауданында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына қатысушыларға арналған үйлер салынуда. Қазіргі таңда банк «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйлерден пәтер сатып алушыларға пул ұйымдастырып отыр. Бұған дейін аталған бағдарлама аясында «Болашақ» және «Батыс» шағын аудандарында тоғыз қабатты үш үйдегі 393 пәтерге пул ұйымдастырылып, несиелер беріліп, бюджетке 2,3 миллиард теңге аударылған.
Былтыр «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1 938,8 миллион теңге қаражат бөлінген. Биыл жалпы көлемі 47 860,1 мың шаршы метр болатын барлығы 684 пәтер пайдалануға берілетін көрінеді.
Ақтөбе қаласында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Окси Билд» серіктестігімен бірігіп, «Юни Сити» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жалпы, көлемі 26,0 мың шаршы метр болатын тұрғын үй осы жылы пайдалануға берілуі керек. Оның бір шаршы метрі 144,0 мың теңге тұрады.
Жиында қолжетімді тұрғын үйге қатысты туындаған өзекті мәселелер сөз болды. Соның ішінде бағдарлама бойынша баспананы қалай алуға болатыны, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банктегі» есепшоттарды сатуға тосқауыл қойылғандығы және басқа жайттар түсіндірілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.