• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы гендерлік шаралар

324 рет
көрсетілді

Қазақстан әйелдері бүгінгі күнде біздің қоғамдағы барлық салаларда белсенді еңбек етуде. Олар агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына да үлкен үлес қосуда.

Осыған орай, Ауыл шаруашы­лығы министрлігі АӨК саласын­дағы гендерлік теңдік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.

Министрліктің орталық аппаратында әйел қызметкерлердің үлесі 50 пайызды құрайды. Солардың ішінде 2-еуі басшылық қызмет атқарады. Атап айтқанда, 2012 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы тағайындалды.

Қазақстан әйелдері бүгінгі күнде біздің қоғамдағы барлық салаларда белсенді еңбек етуде. Олар агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына да үлкен үлес қосуда.

Осыған орай, Ауыл шаруашы­лығы министрлігі АӨК саласын­дағы гендерлік теңдік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.

Министрліктің орталық аппаратында әйел қызметкерлердің үлесі 50 пайызды құрайды. Солардың ішінде 2-еуі басшылық қызмет атқарады. Атап айтқанда, 2012 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы тағайындалды.

Министрлік ведомстволары мен олардың аумақтық меке­мелерінде 1156 әйел қызметкер жұ­мыс істейді. Оның 49-ы басшылық қызметте.

Аграрлық ғылым жүйесіндегі (АҚ «ҚазАгроИнновация») әйел ғылыми қызметкерлердің үлесі 41,4 пайызға (566 адам) дейін жетіп отырса, оның ішінде 22-сі ғылым докторы, 182 әйелдің ғылым кандидаты атағы бар.

Ауыл шаруашылығы саласын­дағы әйелдер кәсіпкерлігін дамы­тудың басым бағыттарына ауыл шаруашылығы өнімдерін дайын­дау, қайта өңдеу және сақтау, киім, тоқыма бұйымдарының өн­ді­­­­­рісі, қызмет көрсету саласы, вете­ринариялық қызмет көрсе­ту және басқалар жатады. Ауыл­дық ай­мақтарда әйелдер кәсіп­кер­­­­­лі­гін дамыту және қолдау ісіне ген­дерлік саясат аясында ерекше көңіл бөлінеді. Ауыл әйелдері әртүрлі, соның ішінде мемлекеттік көздерден қар­жы құралдарын алуда ер адамдар мен тең мүмкіндіктерді пайдалана алады, кейбір жағдайларда оларға басымдық та беріледі.

Әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуды қаржылай қолдаудың түрлерінің бірі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының іске асыратын бағдарламалары болып табылады. Микроқаржы шағын биз­несті дамытудың, ауылдық ай­мақтарда кедейлік деңгейін қыс­қар­тудың басты құралы болып табылады. Көптеген ауылдықтарға жеңілдікті шағын несиелер бері­леді. Осы мүмкіндікті пайдаланып отырған әйелдер көптеп кездеседі.

Холдинг іске асыратын бағ­дар­ламалар бойынша несиелеу шарттары елдің басқа қаржы инс­титуттарымен салыстырғанда кәсіпкерлер үшін аса тиімді болып табылады және олар жынысына қарамай тең жағдайда беріледі. Холдингтің еншілес ұйымдары беретін несиелердің құны екінші деңгейлі банктердің беретін несиелерінің құнынан едәуір төмен. Оның үстіне ЕДБ қабылдамайтын өтімділігі төмен кепілдіктер де қабылданады.

2012 жылы Холдингтегі компаниялар әйелдерге 38,6 млрд. теңгенің 1 864 несиесін бөлді, соның ішінде:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 28 632,0 млн. теңге сомасындағы 324 несие;

«Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ – 7 817,6 млн. теңге сомасындағы 60 несие;

«Ауыл шаруашылығын қар­­­­жы­лай қолдау қоры» АҚ – 2 116,6 млн. теңге сомасындағы 1 480 несие бөлді.

Осының нәтижесінде әйелдер кәсіпкерлігінің белсенді бола түскені байқалып отыр. Мәселен оларға 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 43,6 млрд. теңге сомасында 3 313 несие бе­рілді. Бұл 2012 жылдың көр­сет­кішінен 1,8 есе көп.

Бұдан өзге, гендерлік теңдікті қолдау мақсатында 2012 жылдың аяғында «Сәтті» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

2012 жылы ауылдық ақпарат­тық-кеңес орталықтарына және «Қазагромаркетинг» АҚ жергілік­ті өкілдіктеріне АӨК субъектілері­нің тікелей үндеуі арқасында әйел­дерге 1 821 кеңес көрсетілсе, 2013 жыл­дың жартыжылында ғана ­1 260 ке­ңес көрсетілді.

Республика аймақтарында кәсіпкерлікті ынталандыру мақ­сатында «Шағын және орта бизнес жетістіктері» атты бай­қау өткі­зіледі. Онда «Ең үздік кәсіпкер әйел» аталымы қарастырыл­ған. Мә­селен, Сол­түстік Қазақстан облысындағы «Ең үздік кәсіпкер әйел» аталымына 2012 жылы 27 қыз-келіншек қатысса, байқау қорытындысы бойынша олардың 8-і түрлі марапатқа ие болды.

Арман Евниев,

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

Соңғы жаңалықтар