Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Орташа жөндеу аясында Өндіріс көшесінде Өзен көшесінен Солтүстік айналма жолға дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты 12-13 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп атап өтті қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.