Көкшетаудағы №5510 әскери бөлімінің ауласында «Қуатты әскер – қуатты Қазақстан» патриоттық шарасы аясында болашақ 60 сарбазды әскер қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өткізілді. Жиналған қауымды Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рашит Әкімов пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, қаланың құрметті азаматы Зура Шуатаева, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Дериглазов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Жанат Ережепов құттықтады.

Салтанатты шара Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасындағы Пшихвар қойнауында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгердің мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қоюмен басталып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Аталған әскери бөлімнің командирі, подполковник Әбдімұрат Тәшімбетов болашақ сарбаздарды әскери ұрыс техникалары мен қару-жарақтар көрмесімен таныстырып, жауынгерлік өмір жайында әңгімеледі. «Қазақстанның әскери сапында қызмет атқару – әрбір азаматтың абыройлы парызы, онда патриотизм мен шынайы достық, қиын сындарға төтеп берер қайсарлық сезімдері қалыптасады», деп атап көрсетті ол.
Әскери бөлім ауласында Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының үрлемелі оркестрі орындаған рух көтерер әуендер қалықтады. Акция барысында облыстық ішкі істер департаментінің арнайы мақсаттағы «Арлан» взводының әскери ұрыс қимылдары көрсетілді. Жұртшылық назарына «Көкшетау» мәдениет сарайының, интернационалист-жауынгерлердің «Ардагер» тобының концерттік бағдарламалары ұсынылды.
Сондай-ақ, жас сарбаздардың Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің мұражайында болып, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің үйлеріне кіріп шығуы жүректерге тағылым мен толғаныс ұялатқанын айтқымыз келеді.
Бақберген АМАЛБЕК,
Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.