• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Отандық ет өнімі ұлғайтылмақ

320 рет
көрсетілді

Кеше Президент жанын­дағы Орталық Комму­ни­кациялар қыз­метінде дәстүрлі брифинг өтті. Бас­қосудың бұл жолғы қо­нақтары Ауыл ша­руа­шылығы вице-ми­нис­трі Мүсілім Өмірияев пен «Қаз­Агро» ҰБХ» АҚ төр­ағасы Дулат Айтжанов болды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Өмірияев үстіміздегі жылдың 11 қазанында өткен Үкі­меттің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сын ескертулері мен тапсырмаларына сәйкес министрлік қызметінің бағыттары жайлы, атап айтқанда:

Кеше Президент жанын­дағы Орталық Комму­ни­кациялар қыз­метінде дәстүрлі брифинг өтті. Бас­қосудың бұл жолғы қо­нақтары Ауыл ша­руа­шылығы вице-ми­нис­трі Мүсілім Өмірияев пен «Қаз­Агро» ҰБХ» АҚ төр­ағасы Дулат Айтжанов болды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Өмірияев үстіміздегі жылдың 11 қазанында өткен Үкі­меттің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сын ескертулері мен тапсырмаларына сәйкес министрлік қызметінің бағыттары жайлы, атап айтқанда: тұрақтандыру қорлары, еттің экс­порты, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіп­орындардың өндірістік қуат­ты­лығын жүктеу, сондай-ақ, мем­ле­кеттік субсидиялар туралы айтты.  

Тұрақтандыру қорларын қа­лыптастыру кезінде кейбір өңірлерде Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енгізілмеген өнімдер сатып алынған. Оларға Алматы және Астана қалалары, Жамбыл облысы жатады. Оған қоса уақытылы сатып алын­бауы есебінен өнімдер ұзақ уақыт сақ­талып, олардың бағасының қым­баттауы байқалған. Сондай-ақ, бөлінген қаражаттың бір бөлігін екінші деңгейлі банктерге депо­зитке салып қою жағдайлары да бар. Тұрақтандыру қорларын қа­лыптастыру мен пайдалану ережелерінде уақытша пайда­ланылмаған қаражатты, азық-түлікті сақтау, тасымалдау және басқа әкімшілік шығындарды өтеу үшін депозитке орналастыру мүмкіндігі көзделген.

Бұл ретте тұрақтандыру қор­лары қызметін талдау оң нәтижелерді көрсетуде: облыс­тар­дың көбінде 2011-2012 жылдары бұрынғы жылдармен са­лыс­тырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмен болған. Мұны ескере келе қазіргі кезде азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорларын қалып­тастыру мен пайдалану тәртібін жетілдіру жоспарланған.

Отандық ет өнімінің көлемін ұлғайту және өзіндік құнын тө­мен­дету мақсатында қазіргі уақытта ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы жүзеге асу­да. Бағдарлама бордақылау алаңдарын қажетті бордақылау контингентімен қамтамасыз ету үшін тауарлық табынды қалып­тастыруға бағытталған.

2012 жылдан бастап селек­ция­лық және тұқымдық жұмыстарды жүргізуге аналық мал басын субсидиялау механизмі енгізілген.

«Агробизнес-2020» бағдар­ла­масында қаржының қолжетім­ді­лігін арттыру, жаңа техника мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар беру, займдарды кепілдендіру жолдарымен өнімнің өзіндік құнын азайту шаралары көзделген. Мал шаруашылығын дамытуға рес­публикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 2014 жылдан бас­тап 35 пайызға көбейтілмек.

Қайта өңдеу саласын дамыту аясында шебер-жоспар әзірленген. Оның мақсаты қайта өңдеу кәсіпорындарын модерниза­циялау мен қайта құру, сүт пен етті дайындау орындарын құруға бағытталған. Мұның нәтижесі қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жүктеуге, тиісінше, азық-түлік өнімдерінің өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

«Осы жылдың соңына дейін біз 68 инвестициялық жобаны іске қосуды көздейміз. Аталған жобалардың ішінде сүт фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжайлар, тамшылатып суару технологиясы, құс фабрикалары және өзге де кәсіпорындар бар. Қазіргі кезде біз 27 жобаны іске қостық. Олардың ішінде мал шаруашылығына арналған 11 жоба бар. Алдағы екі айда оның барлығына мал жеткізілуі тиіс. Ал қалған 30 жоба аяқталуға жақын. Қазір тиісті құжаттар жинақталған соң, оларды да пайдалануға беретін боламыз», – дейді  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ төрағасы Дулат Айтжанов.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар