• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Міндеттер сараланды

255 рет
көрсетілді

Жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі үлкен міндет жүктеп отыр. Съезде қабылданған шешімдер, Елбасы тапсырмалары қалай жүзеге асырылады, партияның облыстық филиалы алда қандай жұмыстар атқармақшы деген сауалдар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерлан Арынның төрағалығымен өткен саяси кеңесте ортаға салынды.

– Партияның ХV съезінде жаңа бағыт айқындалды. Жаңа саяси құжат қабылданды. Бұл Доктрина «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы жоспарларды жүзеге асыруда темірқазық болуы тиіс, – деді облыс басшысы Ерлан Арын. Яғни, ол алдағы жұмыстар өңірде Доктринада белгіленген жеті бағыт бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

Жалпы, жергілікті нұротандық­тар­дың құрамы білімді, білікті, салмағы мығым адамдардан жасақ­тал­ған. Ал олардың 40 пайызын экономика саласының мамандары құрайды.

Жиында Астанада өткен съезге қатысқан делегаттар алған әсер­лерімен бөлісті. Мысалы, «Богатырь Көмір» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Еркін Рахманқұловтың айтуынша, партияның құжатында көрсетілген істердің жүзеге асатынына сенімді. Экономикалық және әлеуметтік қолдауға біздің кәсіпорын көп көңіл бөліп келеді. Көмір өндіруші кәсіпорын ретінде ел экономикасына үлес қосуда. Кәсіпорынның жастарына тұрғын үй алуға пайызсыз несие беруді қолға алмақпыз. Бұл мақсатқа 225 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы 60 азаматтың баспаналы болуына мүмкіндік береді, дейді Е.Рахманқұлов.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар