• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Онлайн-режімдегі конференция

280 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов BNews.kz порталының студиясында болып, «2050» Стратегиясы аясындағы сыртқы саяси тапсырмаларды жүзеге асыру» тақырыбында өткен онлайн-конференцияға қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов BNews.kz порталының студиясында болып, «2050» Стратегиясы аясындағы сыртқы саяси тапсырмаларды жүзеге асыру» тақырыбында өткен онлайн-конференцияға қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

СІМ басшысы Қазақстанның сыртқы саяси бағыты туралы интернет қолданушылар сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Президенті «2050» Стратегиясында алға қойған тапсырмалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. АҚШ, Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас тақырыбы, Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынты­мақ­тастығы кеңінен сөз болды. Е.Ыдырысов өзінің Латын Аме­ри­касы елдеріне сапарында алған әсерлерімен бөлісіп, сапардың негізгі нәтижелері жөнінде, соның ішінде Аргентина, Чили және Бразилия елдерімен визасыз кіріп-шығу келісімдері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы транс­ше­каралық сулар мәселесін шешуде Сыртқы істер министрлігі қабылдап отырған шараларды түсіндіріп, визалық мәселелер мен Қазақстан азаматтарының шетелдерде құқықтарын қорғау мәсе­лелеріне ерекше назар аударды.

Онлайн-конференция­ның бей­­не материалы мен мәтінін www.bnews.kz сайтынан көруге бо­­лады.

Соңғы жаңалықтар