• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Астана мен Лондонның арасы жақындай түсті

701 рет
көрсетілді

Қазақстанның басты ұлттық әуе тасымалдаушысы – «Эйр Астана» компаниясы Астана мен Лондонның Хитроу әуежайы ара­­сын­да жаңа рейс орнатып, оның апталық мөлшерін үшеуге дейін ұлғайтты. Кеше елорда әуежайында осыған арналған жиын бо­лып өтті. Рейс тұсаукесеріне Ішкі істер министрлігінің, Көлік және коммуникация министрлігінің, Ұлыбритания елшілігінің, «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, «Эйр Астана» әуе компаниясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тұсаукесер салтанаты өтіп болған бойда әуе компаниясының жетекшілері бастаған алғашқы рейстің жолаушыларының бірі ретінде біз де бір топ журналиспен бірге алыстағы Альбион жеріне қарай аттандық.

Мақсатымыз – аспан астынан саяхат сызатын алты сағаттан астам әуе жолын бастан өткеріп, алғашқы маршрут жөніндегі әсерімізді қалың жұртқа жеткізу.

Шынында да осы айтылған уақыттың шырғасында көңілге түйген ойларымыз да, алған әдемі әсеріміз де көп болды. Олардың бәрін енді төрт күннен соң, яғни елге аман-есен жетіп алғаннан кейін асықпай отырып қағазға тү­сірмек ниеттеміз. Әзірге айтарымыз, жылдан жыл асқан сайын қанатын кеңге жайып, әлеуе­ті артып келе жатқан еліміз тұр­ғындарының өзге елдердің жұртымен араластығы да айтар­лықтай арта түскен екен. «Бармаса, келмесе жат болатынын» білетін біздің ағайындар қазір жағдайлары келіп тұрған соң шет елдерге жиі атбасын бұрып, сапар санын көбейтіпті. Мына ашылып жатқан қосымша рейс те сол қажеттіліктен туындап отырса керек.

Қосымша демекші, ком­па­­ниядағылардың түсіндіруіне қара­ғанда, бұл рейс бұрыннан бар Ал­маты – Лондон және Астана – Франк­фурт бағыттарын то­лық­тыра­тын болады. Дәлірек айтқанда, Лон­дон­ға бет түзейтін жаңа қатынас әр­бір сәрсенбі сайын әуе кемесін Ал­маты – Лондон – Астана – Алма­ты, әр­бір бейсенбі сайын Алматы – Ас­та­на – Лондон – Алматы, ал сенбі сайын Алматы – Лондон –Алматы ба­ғыт­тарына ұшырып тұрады.

Сөздің орайында жаңа рейс қызметін эконом-класс бойынша екі жаққа пайдаланушының барлық алымдарын қосып есептегенде, 110 870 теңгеден, ал бизнес-класс үшін 522 999 теңгеден төлейтінін айта кетейік. Сол сияқты Астана–Лондон бағытында ұшу 6 сағат 50 минут уақытты алса, Лондон–Астана ара қашықтығының уақыттық мөлшері 6 сағат 20 минутпен өлшенетінін де осында келгелі бері естіп жатырмыз.

Бірқатар мағлұматтарды біз «Эйр Астана» компаниясы АҚ президенті Питер Фостерден алдық. «Біз Ұлыбританияға рейс­тер санын арттыра алғанымызға қуанып отырмыз, – деді ол. – Осы арқылы біз Астана мен Лондон арасындағы жолаушылар тасқынын ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге, алғаш рет екі ел орталығын тікелей байланыстыруға қол жеткіздік. Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға жасаған сапарынан соң бірден қабылдаған осы шешім екі ел арасындағы қарым-қатынастың күшейіп келе жатқанын байқатады. Бұл бір жағы Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне деген ынтаның артып келе жатқанын білдіреді».

Осылайша әні-міне дегенше көгілдір сулар қоршап жатқан жасыл желекті Британия жеріне де келіп қалыппыз. Айтқандай, Лондонның аспаны әдеттегідей бұлыңғырлау екен. Қанша дегенмен, терістік деген аты бар ғой, ауа райы да бізге қарағанда салқындау сияқты. Бірақ бір ұшақ қонып, бір ұшақ ұшып жатқан Хитроудың ығы-жығы әуежайы нағыз қайнаған қызу тіршіліктің ортасында тұрған секілді. Түс ауа ғана Астана аясында тұрған бізге енді Альбион жері құшақ жайды.

Жанболат АУПБАЕВ,

«Егемен Қазақстан» –Лондоннан.

Соңғы жаңалықтар