• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Қыркүйек, 2020

Карантин 20 қыркүйектен бастап күшейтіле ме?

1609 рет
көрсетілді

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен бастап қатаң карантиндік шаралардың енгізілуіне қатысты қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгінде эпидемиялық ахуал маусым мен шілде айларына қарағанда әжептәуір тұрақталды деп айта аламыз. Сіздерге ресми ақпараттарға, яғни мемлекеттік органдардың нақты мәліметтеріне құлақ асқандарыңызды сұраймыз. "Жиналып, талқыланып қойды. Қыркүйек айында қайта карантиндік шектеулерді енгізеді" деген ақпараттар жалған екенін хабарлаймыз. Егер қатаң карантиндік шектеулерді енгізсек, оның өзі эпидемиялық ахуалдың беталысына қарай болады", деп нақтылады Бас санитар.