2020 жылдың қаңтар-шілде айларында дайындалған немесе консервіленген балық, уылдырық өндірісі 15,6 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Өндірістің шамамен үштен екі бөлігі (64,2%) Атырау облысына тиесілі: 10 мың тонна, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,6 есе көп.
Жетекші үш аймақтың қатарына Батыс Қазақстан (2 мың тонна, +11,7%) және Түркістан (1,8 мың тонна, 957,1%) облыстары кірді Нақтырақ айтқанда балық, шаян тәрізділер мен моллюскаларды өңдеу және консервілеу 13,6 млрд теңгеге жетті.
Экспорт үлесі ресурстардың 16,8% құрады: 11,3 мың тонна балық, өткен жылмен салыстырғанда 19,7% аз. Тамыз айында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4% өсті. Бағаның едәуір қымбаттауы Қызылорда (18%), Павлодар (16,3%) және Қарағанды (15,9%) облыстарында байқалады.
Мұздатылған балық 14,1%, балғын немесе салқындатылған балық 13%, тұздалған және ысталған балық 9,9% қымбаттады. Балық консервілерінің ішінде деликатестер 11,1%, деликатес емес балық өнімдері 10,5% қымбаттады.